Әбу ад-Дарда (Алла ол кісіге разы болсын): "Қияметте терлемейтін адам".
Әбу  ад-Дарда (Алла ол кісіге разы болсын):  "Қияметте терлемейтін адам".

     Әл-Миқдад ибн әл-Асуад рғ риуаят еткен хадисте Пайғамбар сғс: «Қиямет күні күн мақлұқтарға бір миль шамасында жақындатылады»,—деп айтқан. Осы хадисті риуаят етушілердің бірі Сәлим ибн Амр: «Аллаһпен ант етейін! «Милдің» не мағынада екенін білмеймін. Жер қашықтығы ма әлде көзге жағылатын миль ме?...» — деген. Күннің ыстығынан адамдар терге малшынады. Пайғамбар сғс сөзін  жалғастырып: «Адамдар амалдарына сай терге батып тұрады. Кейбіреулердің тері тобыгына дейін болса, енді біреулердің тізесіне дейін жетеді және кейбірінің беліне дейін көтерілсе, енді бірінің тері аузына дейін жетіп, оған ауыздық сияқты кигізіледі»,—дегеп. Әл-Миқдад ибн әл-Асуад рғ : «Аллаһ елшісі сғс аузын көрсетті»,—дейді (Муслим),   және басқа бір хадисте екі қолын төбесіне қойып : "...толығымен терге батып тұрады" деді.

     Әбу Дарда рғ : "Қандай да бір мұсылман басқа бір мұсылманға осы дүниеде жақсылықта көмектесемін деп тер төксе, сол адам қияметте бүкіл адамдар терлеп тұрғанда терлемейді"деді.

     Бұның себебі мұсылсманның мұсылманға көмектесу парыз, ал парыз ең жоғарғы сауаптарға ие амал болғандықтан болса керек (өзімнен). Бір-бірлеріңізге қолдарыңыздан келгенше көмектесіп тер төгіңіздер, сонда Алла қаласа қияметте терлемейтін адамдардан боларсыздар.

ШаһзадаШаһзада
9 лет назад 4392
0 комментариев
О блоге
0
20574 17 60 34 33
Прямой эфир