Дінге шақырудың жауапкершілігі
Дінге шақырудың жауапкершілігі

Бірде Әбу Бәкір (р.л.ғ) Аллаға мақтау айтып былай деді:

     «Ей адамдар! Сендер мына айатты оқисыңдар, бірәқ дұрыс түсінбейсіңдер:

     «Сендер өздеріңді түзетулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды» (Мәида 5/105).

     Ал біз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) мынадай сөз естігенбіз:

     «Егер адамдар жәбірлеушіні көріп тұрып оны тоқтатпаса, онда оларға Алланың жазасы келетін уақыт өте жақын»

     Хадисті жеткізуші-Әмр, Хушайманың сөзімен Әбу Бәкірдің былай дегенін және жеткізді:

     «Мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай дегенін  естідім:

     «Егер қоғамда күнә жасаушы адамдар болса және басқа адамдар мүмкіншілігі бола тұра оларды өзгертпесе, онда жақын арада Алла олардың барлығына міндетті түрде жаза жібереді» (Әбу Дәуд, Малахим 17/4338, Тирмизи; Фитан 8; Тафсир 5/17) хадисте адамдардың қауіп-қатерді көргісі келмей, сол аятты дұрыс түсінбей жатқаны айтылады:

            «Сендер өздеріңді түзетулерің керек. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан басқа біреу сендерге кесір тигізе алмайды...» Мәида, 4/105.

            Кейбір адамдар бұл аятты былайша түсінеді:

           «Өз-өздеріңді түзетсеңдер болды, басқалармен сендердің шаруаларың жоқ». Ал негізінде бұл аят мұсылмандардың өз мойнына жүктелген әрбір міндетті кіршіксіз орындау керектігін түсіндіреді. Сол міндеттердің ішіндегінің бірі – дінге шақыру, яғни таблиғ. Мұсылмандар осы міндетті атқара отырып, жауапкершіліктен босатылады және басақалардың қателігі үшін жауап бермейді, себебі ешкім ешкімнің күнәсіна жауапты емес. Ал егер қоғамда дінге шақыру, оны жеткізу жүргізілмесе, онда адамдар Әбу Бәкірден (р.л.ғ.) жеткен хадистегідей қауіп-қатермен жеке қалып қояды, ондай болса  Алла Тағала жақын арада олардың барлығына бірдей міндетті түрде жаза жібереді. Бұған күшті суреттеме болып Асхәб-и Сәбт тайпасының  оқиғасы келеді.

            Яхудидің Асхәб-и Сәбт деген бір тайпасы қызыл теңіздің жағлауындағы Айля деген қалада тұрады. Негізінде оларға сенбі күні бүкіл жұмыстарды доғарып құлшылықпен айналысу керек еді. Бірақ олар күндердің күнінде сенбі күні балық аулауды бастады. Себебі балықтар осы күні жағаға өте көптен жақындайтын еді, себебі олар адамдардың осы күні оларды ауламайтынын түсінді. Ал басқа күндері балықтар өте аз болатын. Осыны көрген адамдар бұған шыдай алмай, Алланың әміріне бойұсынбай, көрсе қызарлық танытып, балық аулай бастады.

              Осыдан кейін тайпа екіге бөлінді:

      1. Тыйымдарға мән бермейтін күнәхарлар.

      2. Діндар және жақсы адамдар. Бірәқ дінді ұстанатын адамдар аз болды және олар күнәхарларды ұыйалта  алмады да, тоқтата алмады.

     Соңында діндар адамдардың өзі екіге бөлінді:

     1. Алғашқы кезде күнәхәрларды түзу жолға салу үшін барлық күштерін сарып еткендер. Олар басқаларды насихаттауда әртүрлі амалдар және тәсілдер қолданды, ал оларға түрлі қыйыншылықтар кездестіп тұрды. Ақырында олар шаршап үмітін үзеді. Тағы бірәз уақыт өткеннен кейін олар дінге шақыруды тоқтатады.

     2. Мүміндер үмітін үзбей, қиыншылықтар мен сынақтарға шыдап халқына дінді насихаттай берді және олардың айтқан сөздеріне қарамады. Бұндай адамдар өте аз болды. Дінді насихаттауды тоқтатқан адамдар оларға: «Сендер өздеріңді неменеге босқа шәршатасыңдар? Бұл күнахарлардың ішінде сөзімізге құлақ асатындар жоқ. Біз қанша айтып бақтық, бірәқ олар тыңдамайды»  деді.

     Бірәқта аз қалған ізгілер жалғанға иланбады және ақыретті ойлай отыра дінге шақыруды тоқтатпады.

    Бұл туралы айаттарда былай айтылады:

    «Сол уақытта олардың бір тобы: Алла жоқ ететін немесе қатты азап қылатын елді не үшін үгіттейсіңдер?-деді. (Үгіттеушілер): Раббыларыңа ғұзырымыз болсын, бәлкім олар сақтанар деді» Өздеріне берілген үгітті ұмытқан кезде, жаманшылықтан тосқандарды құтқардық. Сондай зұлыдық қылғандарды, бұзақылық істеулері себептерінен қатты қинауға ұшыраттық. Сонда олардың тыйым салынған нәрселерден шектен шыққандықтары себепті оларға "Маймыл болып қор болыңдар дедік"   Ағраф, 7/163-165

     Үгіттеуді тоқтатпағаназ қалған ізгілер күнахарлардың бастарына келетін жазалар өз бастарына түсуінен қорқып екі ортаға қабырға тұрғызды. Бірде дауыстар естілмей қалғанда олар қабырғаның аржағына қарады. Сонда олар күнахарлардың барлығының маймылға айналып кеткенін көрді. Жазадан құтылғандар маймылға айналып кеткендердің ішінен өз туыстарын тани алмады, ал олар болса өз туыстарын таныды. Тиесілі жазасын алып маймылға айналғандар өз туыстарының маңайларына жиналды. Сол кезде олар:

Біз сендерді ескертпе едікпе және күнәдән қайтармадықпа?- деді.

Бақытсыздардың көздері жасқа толды.

Үш күннен кейін маймылға айналған күнәхарлардың барлығы қайтыс болды.

     Құранның кейбір тәпсіршілері мынадай пікір айтады:

     «Сенбі күні балық ауламай, бірақ бағынбағандарды ескеретпей және қайтармай үндемей жүргендер де күнахарлармен бірге маймылға айналып кетті» дейді.

     Олай болса бұл айат- Алланың әмірлеріне бағынбай жүргендерді қайтармағандарға қатты ескерту.

     Алла Тағала айтады: «Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі әрі сақтанушыларға насихат қылдық...» (Бақара, 2/66).

     Исраил ұрпақтары бұзауға табына бастағанда Мұса пайғамбар тура жолдан таймаған мұсылмандар жамандықтан тосуда аз әрекет жасады деп ойлап, олар жазаланып кетеді деп қорқып Аллаға жалбарынды:

   «(Иә Рәббім)... Ішіміздегі ақымақтардың қылықтарының салдарынан, бізді жоқ етесіңбе?» (Ағраф, 7/155).

     Мына хадис және тағыда осыны дәлелдейді:

     Құдіретті Алла қоғамда жасалып жатқан күнәләр үшін кінәсіздәрді жазаламайды. Тек қана мына жағдайда оларға жаза келеді, егер олар жасалып жатқан күнәләрді көре тұра, қолдарынан келе тұра күнахарларды тоқтатпаса». (Ахмат, 5,192).

ШаһзадаШаһзада
10 лет назад 4042
0 комментариев
О блоге
0
20574 17 60 34 33